The Search
ITB Berlin көрмесі
ITB Berlin халықаралық туристік биржасы — дүние жүзінің аса ірі және танымал көрмелердің бірі болып табылады. Көрме 1966 ж. жылдан бері бастау алады. Ол кезде 5 елден 9 экспонент қатысқан болатын. 2002 ж. бері көрме Еуропа елдерінің арасынан ең ірі маңызды орынға айналды. Ол жылы көрмеге 180 елден 9000 экспонент қатысты. Сол жылы келушілердің саны да 2001 ж. қарағанда көп, яғни 135 мың. шамасында болады. 2003 ж. көрме біршама аз келушілерді жинады. Ал 2004 ж. көрменің қызмет барысы Ирак пен Нью-Йорк қаласындағы болып өткен оқиғаларға байланысты біраз баяулады. Дегенмен сол жылы 180 елден 10 мың. экспонетттер қатысты. Көрмеге 2011 жылы 11 000-дай қатысушылар өздерінің көрме қойылымдарын әкелген болатын. 2011 жылы көрмеге 169295 адам, оның — 110791-і мамандар болған. Негізінен көптеген мамандардың айтуы бойынша, бұл көрменің бағыттары ретінде, халықаралық туризмнің негізгі даму тенденциялары болып табылатын — Круиздер, Экологиялық туризм және Мәдениеттік туризм болып табылады.
Wikipedia · CC BY-SA