The Search
Киото университеті
Киото университеті - Жапония Киото қаласында орналасқан ең маңызды ұлттық оқу орындарының бірі. Ертеректе императорлық университеттердің қатарына кірген. Жапон елінде Токио университетінен кейінгі ең ескі университеттің бірі болып есептеледі. Киото университетінде шамамен 22 мың студент білім алады. Университет құрамында 10 факультет, 15 жоғары мектеп, 12 зерттеу институты және 21 ғылыми орталық бар. Kyoto University – әлем универсиеттері арасында «Global universities ranking» рейтингісі бойынша 11-орында болса, «Times Higher Education-QS World University Rankings» рейтингісінде 25-орынды иеленді.
Wikipedia · CC BY-SA