The Search
Прага
Чехия елінің астанасы
Прага — Еуропаның кіндігі, жүрегі деп саналатын Чехия елінің астанасы. Прага – біздің заманымыздың тоғызынша ғасырында пайда болған, көнеден сыр шертетін Чехия елінің шаһары Берлиннен, Венадан, Мадрид, Цюрихтан және Еуропаның көптеген қалаларына қарағанда кейпі көне болып көрінеді. Ғасырдан ғасырға сырғып келе жатқан бағзы үйлердің кейпін жергілікті тұрғындар өзгертуге құмар емес, өйткені оның әрбір тасы тұнып тұрған шежіре. Аңызға толы көне Праганың көшелері өте тар болып келеді. Еуропаның көптеген қалалары басында қорған болып кейін қалаға айналатын, сол сияқты Праганың да іргетасын Чех патшасы Борживой қалаған. Бұл қалада ЮНЕСКО-ның қамқорлығына алынған: Прага бекінісі, Әулие Виттің және Әулие Георгийдің шіркеулері сияқты тарихқа мол, ерекше әсем ғимараттар бар. Көне Праганың ауыз толтырып айтатын жері көп. Бірақ соның ішінде ойыншықтар мұражайы ойып тұрып орын алады. Бұл мұражай әлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі Бурграф сарайында орналасқан. Осы мәдени ошақтың ішінде әр дәуірден сақталған ойыншықтар бар.
Wikipedia · CC BY-SA